Қала тұрғындары шектеулерді елемейтін болса, жағдай күрделенеді

6 Ақпан 2021, 12:32
1100
Бөлісу:
Қала тұрғындары шектеулерді елемейтін болса, жағдай күрделенеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар ел әлемдегі ауыр эпидемиялық жағдай мен коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтуде. 

Нидерландыда биліктегілер коронавирустың британдық штаммына байланысты 2 наурызға дейін елдегі қатаң локдаунды ұзарту шешімін қабылдады. Португалия билігі бұған дейін енгізілген төтенше жағдай режимін 14 ақпанға дейін ұзарту шешімін қабылдады. Еуроодақ елдері де коронавирустың жаңа мутациясы таралған елдерден келу ережелерін күшейтті. 

Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қатысты қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуы, коронавирус статистикасы туралы сұрақтарға жауап берді.

- Алматы қаласы қазір жасыл аймақта. Яғни, қауіп сейілді деген сөз бе?

- Алматы қаласының жасыл аймақта болуы күн сайын денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы мониторинг жүйесінде тіркелетін аурулар санының азайғанын айғақтайды. Бірақ жұқтыру қаупі азаяды деп айтуға болмайды, өйткені COVID-19 арнайы сақтық шараларын сақтамаса, тез таралу қарқынына ие.  Сондықтан Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысымен қаладағы сары аймаққа сәйкес шектеулер белгіленді. 
 
- Қала тұрғындары қандай қауіпсіздік шараларын сақтау тиіс? Вирустан қорғану тәсілдері әлі де күшінде ме?

- Қала тұрғындары сақ болуды біледі: салтанатты іс-шараларды өткізуден бас тарту, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, барған жағдайда медициналық бетперделердің қолданылуын қамтамасыз ету, қолдарын таза ұстау, қолдарын бетіне тигізбеу, жеке гигиенаны сақтау, қолдарын мұқият жуу, қол гигиенасын сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда санитайзерлер қолдану. 

- Статистика бойынша жасыл, қызыл, сары аймақтар қалай анықталады?

- Эпидемиялық ахуал аймақтары Денсаулық сақтау министрілігінің Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығында арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен анықталады. Бұл аймақтарды анықтау жұмысына біз кірісе алмаймыз. Аталған орталық зертханалық нәтижелердің мониторингтік есеп деректерін тіркелген оң нәтижелер санын, аймақ халқының санын және басқа да коэфициентерді ескере отырып, күнделікті талдау жасайды.
Өзгелердің жаңалығы