Алматыда бұзық блогерге іздеу салынды

5 Қараша 2020, 18:07
1552
Бөлісу:
Алматыда бұзық блогерге іздеу салынды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы метро вагонына жабысып алып видео түсірген блогерді іздеп жатыр.

Алматы метросында видео түсірген блогердің ролигі әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Кадрдан жас жігіттің метродағы вагонының соңына жабысып алып, айналасын видеоға түсіргенін көруге болады. Блогер «Алматы» станциясынан «Абай» станциясына дейінгі аралықты жүріп бара жатқан метродан түсіріп отырады. 

«Метрополитен»  КМК баспасөз қызметі блогердің ерсі әрекеті сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын жеткізді.

Бұл оқиға болған кезде жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі кезекші қарсы платформада шығушыларды шығарып салып жүрген. Осы сәтті пайдаланған блогер пойызға жабысып алған. Оған қоса бұл қауіпті эксперимент метро ішіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сондай-ақ мекеме бұл іс бойынша полицияға арыз түсіргендерін мәлімдеді. 

Ал, Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видео авторына іздеу салғандарын айтады.

Қазіргі кезде метрополитендегі полицияның жеке құрамы бұл тәртіп бұзушыны іздестіруде. Оның ісіне заңнамаға сай құқықтық баға беріледі. Ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады, - дейді Алматы ПД-нің баспасөз қызметі.
Ролик авторының Youtube-те каналы бар. Онда жүктелген видеолардан оның автобус пен троллейбус артына жабысып алып осыған ұқсас тәртіп бұзғанын көруге болады.


Өзгелердің жаңалығы