Алматы қаласының Балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева мектептердегі буллингке қатысты жағдайлар мен олардың алдын алу шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жанат Айтпаева мектептерге буллингке қатысты қанша хабарлама түскені, олардың қаншасы расталғаны және қалада мектеп әкімшілігінен тәуелсіз орган құру жоспарланып отырғаны туралы айтты.
Бізде білім беру ұйымдарында арнайы бағдарлама бар, ол барлық білім беру ұйымдарына толық енгізілген. Бұл жұмысты Білім басқармасы үйлестіреді. 2025-2026 оқу жылы кезеңінде "111" консультациялық алаңына 600-ден астам өтініш түсті. Соның шамамен 450-і буллинг пен әлімжеттікке қатысты болды, – деді басқарма басшысы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Жауапқа тартылғандар
Жанат Айтпаеваның мәліметінше, буллингке қатысты қаралған істердің нәтижесінде бес заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осы фактілер бойынша бес заңды өкіл әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деді ол.
Арнайы іс-шаралар
Басқарма басшысы балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы бағдарлама аясында профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты.
Бағдарлама аясында балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар бекітілді, – деді Жанат Айтпаева.
Тағы оқи отырыңыз: Дабылға – бір сағат, әрекет етуге – бір тәулік: Буллингке қарсы күрестің жаңа ережелері
Буллинг, жалғыздық, қысым: Қазақстандағы үнсіз суицид трагедиясы
Буллинг: Балабақша мен колледждерде медиация қызметі енгізіледі