Алматыда ботаникалық бақтың жұмыс кестесі өзгерді

 Бас ботаникалық бақ 13 Қазан 2026, 21:27
13 Қазан 2026, 21:27
127
Фото: Бас ботаникалық бақ
Алматының Бас ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысты.
 

Қала тұрғындарының сүйікті бақтарының бірі енді келушілерді 18:00-ге дейін қабылдайды.

Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді .15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске саламыз, – деп хабарлады ботаникалық бақ баспасөз қызметі.

Биыл 1 сәуірден бастап Алматының ботаникалық бағы жазғы жұмыс кестесіне көшкен болатын. Ол бойынша мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдады.

Наверх