Алматыда төбелес шығарған жастар ұсталды

20 Желтоқсан 2019, 10:16
3843
Бөлісу:
Алматыда төбелес шығарған жастар ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда түнде болған төбелес камераға түсіп қалған. Видеоға жолай өтіп бара жатқан көліктегі адам түсіріп алған.

Жазбаға қарағанда төбелес Алматыда Момышұлы көшесінде түнгі уақытта сағат 1:30-2:30 шамасында болған.

Видеода ер адамдардың қолында таяққа ұқсас затты көруге болады. Сонымен қатар, екі адамға бірнеше адамның жабылып жатқанын көруге болады.

Полицияда хабарлағандай, 20 желтоқсан күні сағат 01:14-те Момышұлы көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінің қасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Төбелеске қатысы бар деген 1998 жылғы екі ер адам ұсталып, Әуезов ауданындағы полиция басқармасына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам үйіне қайтарылған, - деді департаментте.

Ұсталған адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Өзгелердің жаңалығы