Алматыда биыл кезектегі жетім балалардың баспана мәселесі шешіледі

27 Мамыр 2024, 13:30
227
Бөлісу:
Алматыда биыл кезектегі жетім балалардың баспана мәселесі шешіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы кезекте тұрған жетім балалардың 16%-ы үшін тұрғын үй мәселесі шешіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі ХӘОТ санаттағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады. 2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер табысталса, 2023 жылы 55 пәтер берілді.

2024 жылы ХӘОТ санаты үшін 2 мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның 400-і жетім бала. Бұл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасы, мұқтаждар үшін жалға берілетін пәтерлердің 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. Бүгін біз Шұғыла шағын ауданындағы Alem City-2 тұрғын үй кешенінде орналасқан үш үйдегі ХӘОТ санатына жататын 124 кезекте тұрғандарға пәтер кілтін тапсырдық. 124 пәтердің 49-ы бір бөлмелі, 75-і екі бөлмелі, - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Өзгелердің жаңалығы