Алматыда биыл 37 адам газдан уланған

26 Сәуір 2022, 12:18
1294
Бөлісу:
Алматыда биыл 37 адам газдан уланған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

ТЖД өкілі жиын барысынада 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Өткен жылыту маусымында қабылданған жүйелі шаралар негізінде кезең-кезеңмен өрттің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, Алматыда тұрғын үй секторында өрт  22%-ға азайды. Аталған кезеңде 148 мың 346 жеке тұрғын үй есепке алынды, - деді Асаинов.

2021 жылғы шілдеден бастап 1326 әлеуметтік-осал топқа жататын отбасы және 1876 бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын адамдар тізімі жасақталып, жеке топқа бөлінген. Сол тізімге сәйкес әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау үшін аудандық әкімдіктерге және әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жолданыпты.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы санаттағы 127 отбасы 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 58 340 теңге мөлшерінде ай сайынғы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар департамент қызметкерлерінің қатысуымен өрттен зардап шеккен адамдарға 4,5 млн теңге көлемінде өтемақы бөлінді, - деді ол.

Екінші кезеңде 72 «Көмек қолы» акциясы ұйымдастырылыпты, онда мұқтаж отбасыларға атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетілген, пештердің түтін жолдарын тазалау, жарықтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлердегі қабырғаларды ақтау, сондай-ақ 66 улы газ датчигі орнатылған. Көмірмен жылытылатын барлығы 1326 жеке тұрғын үй жабдықталған.

Ал, үшінші кезеңде 2021 жылғы қазанда осы уақытқа дейін жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған.

Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, ьиыл 37 адам, оның ішінде 25 бала табиғи газбен уланған. Осыған байланысты, ТЖ Департаменті шарт міндеттемелерін орындамайтын немқұрайды қызмет көрсететін компанияларға шаралар қабылдай отырып, тұрғын үй саясаты басқармасына бастамашылық хаттар жолдады. Соның салдарынан, тұрғын үй саясаты басқармасы «Алматыгаз АРЦ» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізді, - деді ТЖД өкілі.

Тексеру нәтижесінде газ қазандықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды сапалы қамтамасыз етпегені және уақтылы орындамағаны үшін «Алматыгаз АРЦ» ЖШС ӘҚБтК-нің 299-бабы 4-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар ол өрттің пайда болуының негізгі себептерін атап өтті.

38% жағдайда электр жабдықтарының ақаулығы,  отты абайсыз қолдану-28%, пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзылуы - 22%,  өртеу - 10%, өрттің басқа себептері - 2%. Жеке тұрғын үй секторында өрттердің туындауына тұрғын үй қорының, әсіресе энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің табиғи техникалық тозуы ықпал етеді, сондықтан пайдалану мерзімі 50 жылдан астам қаланың тұрғын үйлерінің 26%-ы  пайдаланылады,-деді Самат Асаинов.

Қалада болған 234 өрттің 58-і жеке тұрғын үйлерде болған, көп пәтерлі тұрғын үйлерде 47 өрт, аула құрылыстарында 95 өрт, времянкада -29, саяжайда 5 өрт болған.
 

Өзгелердің жаңалығы