Алматыда бірнеше көше жабылды

19 Қаңтар 2022, 12:10
1455
Бөлісу:
Алматыда бірнеше көше жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Полиция Департаменті террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты бүгін қалада бірнеше көше жабылатынын мәлімдеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін, 19.01.2022 жылы, келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады: Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта, Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта,-делінген хабарламада.

ПД-і азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы