Алматыда бірінші тоқсанда машина жасау саласы қарқынының 5,6 есеге өскені тіркелді

25 Сәуір 2021, 05:49
2340
Бөлісу:
Алматыда бірінші тоқсанда машина жасау саласы қарқынының 5,6 есеге өскені тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде ол өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 118%-дан асқанын, ал өндіріс көлемінің үлесі 328,4 млрд теңгеге тең екенін хабарлады. Бұл ретте машина жасау жоғары қарқынмен дамуда. Бұл көрсеткіш 5 еседен артық өскен.

Онлайн-брифингте Еркебұлан Оразалин өңдеу өнеркәсібіндегі қарқынды өсім сақталып отырғанын айтты. Өңдеудің нақты көлемінің индексі 124,9%-ды (254,3 млрд теңге, үлесі – 77,4%) құрады және республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады, бұл машина жасау саласының өсуімен байланысты.

Е. Оразалиннің айтуынша, полиграфиялық қызметтің 26,3%-ға («РПИК ДӘУІР» ЖШС, БФ РМК – мемлекеттік тапсырысты ұлғайту), резеңке және пластмасса бұйымдары 54%-ға («Торгстрой» ЖШС, «Техновид» ЖШС – құрылыс ұйымдарынан пластмасса және полиэтиленнен жасалған бұйымдарға тапсырыстар), өзге де металл емес минералды өнімдер 18,8%-ға («АЗМК» ЖШС, «Конкрид» ЖШС – бетон және цемент), дайын металл бұйымдары 2 есеге («Казферросталь» ЖШС, «Техновид» ЖШС – «Stynergy» – арматура), химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 24,3% («Аврора» ЖШС, «Alina Group» ЖШС» – лак-бояу өнімдеріне тапсырыстар), жеңіл өнеркәсіпке 80,6%-ға «Казлегпром» ЖШС, «Жетісу» ЖШС – жұмыс киімдеріне тапсырыстар) өскен.

Сонымен бірге, Еркебұлан Оразалин Алматы қаласының сауда саласы жайлы да сөз етті. Бірінші тоқсанда тауар айналымы 2 984,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бөлшек саудадағы тауар айналымы 801,2 млрд теңге.

Алматыда компьютерлер, фармөнімдер, құрылыс материалдары, автомобильдер, киім-кешек пен аяқ киім сатылымының өсуі байқалады, – дейді әкімдік басқармасының басшысы.

Бұдан басқа, құрылыс материалдарын сату 5,4%-ға, автомобильдерді сату 3,3%-ға, кең ассортиментті тауарларды сату 8,7%-ға ұлғайды.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, пандемия Алматыда интернет-сауданың дамуына серпін берді. Қала тұрғындары тауарларды сатып алудың осы түріне көбірек жүгінуде. Сонымен қатар, онлайн-сауда сатудың барлық саласында киім мен спорт тауарларынан бастап тұрмыстық техникаға немесе азық-түлікке дейін дамып келеді. Жалпы интернет арқылы сатып алудың жиілігі де өскен.

Пандемия кезіндегі шектеу шаралары цифрлық трансформацияны және онлайн-сатылымға көшуді едәуір жеделдетті, тіпті бұрын офлайн сұранысқа шоғырланған кәсіпкерлер де интернет арқылы сатуда.

Сонымен қатар, Алматыда көтерме саудада, әсіресе азық-түліктік емес тауарлар саудасының өсетініне болжам жасалып отыр.

Қазіргі уақытта оң динамика сақталуда және сауда саласында одан әрі өсу болжануда. Өсуге әсер етудің негізгі себебі – қазіргі уақытта сауда нысандары үшін жеңілдіктердің қабылдануы, сондай-ақ киім, аяқ киім сияқты азық-түлік емес тауарларға маусымдық сұраныстың болуы. Соның негізінде бөлшек саудада 4%-дан астам, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 1,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар бойынша 5,2%-ға өсім болжануда, – деді Еркебұлан Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы