Алматыда бір жарым жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

2 Маусым 2020, 14:47
1952
Бөлісу:
Алматыда бір жарым жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда бір бала терезеден құлап кетті. 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 13.00 кезінде Алмалы ауданындағы Каримов көшесі, № 54 бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден москит торына сүйеніп тұрған 2018 жылы туған кішкентай бала жерге құлап кеткен. Сәби жабық бас сүйек жарақаты, мидың  басқа да жарақаттарымен №1 балалар ауруханасына  жеткізілген.
Ата-аналары үйде болса да, балаларын назарларынан тыс қалдырған. Бақытымызға орай, қазіргі уақытта құлаған баланың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында. Бала бетон жабынына емес, жұмсақ жерге құлағаннан аман қалды. 29 қыркүйекте 2 жасқа толады, - делінген хабарламада.
Алматы қаласы ТЖД жыл сайын жаз маусымында статистика қайғылы оқиғамен басталатынын мәлімдеп, дабыл қағуда. Себебі, балалар биік қабаттардағы ашық тұрған терезелерден құлап кетеді. Осы жылы қалада осындай 3 оқиға тіркелген.

Қиындықтар мен қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырды.
Азаматтық қорғау органдарымен қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне ата-аналар үшін  ескертпелер ілініп, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде бейнероликтер көрсетіледі және әр түрлі шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада. 
 

  Сонымен қатар қалалық ТЖД қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін мынандай ескертпелерді жариялап отыр:

- ашық терезелері бар бөлмелерде оларды жалғыз қалдырмаңыз;
- бала терезенің алдына шықпауы үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алысырақ қойыңыз;
- терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз; 
- балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;
- балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;
- терезеге орнатылған торлар балалардың құлап кетпеуіне қорған бола алмайды.





Өзгелердің жаңалығы