Алматыда бір жылда электромобильдер саны 48 есе өсті

28 Шілде 2023, 23:25
960
Бөлісу:
Алматыда бір жылда электромобильдер саны 48 есе өсті
Фото: baq.kz

2023 жылдың 1 маусымында елде 4,9 миллион көлік болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12% көп. Оның 4,3 миллионы – жеңіл, 492,7 мыңы – жүк көлігі, 100,7 мыңы – автобустар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейінгі уақытта экология мәселелерінің пайда болуын және көміртегі бейтараптығына көшу қажет екенін ескерсек, Energyprom зерттеуі бойынша электр көліктер әлемде көбірек танымал болып келеді.

Қазақстанда бар болғаны 3,6 мың жеңіл көлік электр қуатымен жұмыс істейді. Оның ішінде 135 автобус, 226 жүк көлігі және 3,2 мың жеңіл көлік бар. Биыл 1 маусымға дейін электр қозғалтқыштары бар жеңіл көліктердің саны бір жылда бірден 7 есе өсті.

Өңірлік тұрғыда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген: Қазақстандағы 59,9% көлік немесе бір жыл бұрынғы 40 көлік орнына 1,9 мың. Бір жылда олардың саны бірден 48,3 есе өсті. Екінші және үшінші қатарда Астана мен Алматы облысы тұр: сәйкесінше 325 және 118 электромобиль. Электр қуатымен жүретін автокөліктердің ең азы Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелген: сәйкесінше 5, 7 және 8.

Биыл әр облыста кем дегенде бір электр қозғалтқышы бар жолаушылар көлігі болды. Салыстыру үшін: былтыр 1 маусымдағы жағдай бойынша мұндай көліктер сол кездегі 17 облыстың 10-ында ғана тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы