Алматыда Бейсембай Кенжебайұлына ескерткіш тақта орнатылды

13 Қазан 2023, 14:33
513
Бөлісу:
Алматыда Бейсембай Кенжебайұлына ескерткіш тақта орнатылды
Фото: автордан

Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Шараны Бейсембай Кенжебайұлының шәкірті, әдебиеттанушы Құлбек Ергөбек жүргізді. 

Алматыда Бейсембай Кенжебайұлына ескерткіш тақта орнатылды

Шара барысында жазушы Дулат Исабеков әдебиеттанушы ғалым туралы естеліктерімен бөлісті.

Бейсембай Кенжебайұлы ілуде бір кездесетін ірі тұлға. Бейсекең біздің КазГУ-де оқып жүргенде сабақ берді. Мен сол үшін өзімді бақытты сезінемін. Және қайратты, кірпінің тікенегіндей, диірменнің тасын қойсаң, жатпайтын шашы болатын... Батыл-батыл пікірлерін айтып келіп, “сендер осыған қалай қарайсыңдар” дегенде, бәріміз қолдаушы едік. Тұрып-тұрып “әй, осы сендер өтірік қолдайсыңдар ғой деймін. Неге менің айтқанымның бәрін қолдай бересіңдер” деп таңқалатын, – деді Исабеков. 

Ал М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов ғалымның XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мәселелерін концептуалды деңгейде зерттегенін айрықша атап өтті. 

Біз Бейсекеңнің дәрісін тыңдамадық. Бірақ біздің ұрпақ Бейсекеңнің еңбектері мен кітаптарыменен ауызданған ұрпақ, - деді ол.

Салтанатты шарада Бейсембай Кенжебайұлына арналған екі кітаптың тұсауы кесілді.

Өзгелердің жаңалығы