Алматыда "Береке" базары өртенді

4 Наурыз 2024, 09:22
281
Бөлісу:
Алматыда "Береке" базары өртенді
Фото: ТЖМ

Қызыл жалын шамамен 50 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, базардың екі бутигі өртенген.

Алматы қаласында "Береке" сауда базары аумағында 2 сауда бутигінде өрт болды. Өрт сағат 06.15-те оқшауланып, сағат 06.18-де сөндірілді. Өрттің ауданы 50 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алматылық өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы