Алматыда батуттық гимнастикадан ел біріншілігі өтеді

27 Сәуір 2022, 04:45
1181
Бөлісу:
Алматыда батуттық гимнастикадан ел біріншілігі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әртүрлі жас санаты бойынша өтетін чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, аталған ел чемпионаты биылғы әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналды. Батуттық гимнастикадан биыл әлем чемпионаты 16-19 қараша күндері Болгарияда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы