Алматы облысында 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Zakon.kz мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Белгілі болғандай, ұл бала құрдастары тарапынан көрсетілген буллингтен кейін суицид жасауға бел буған.
Оқыс оқиға Бесағаш ауылында болған. 10 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсамас бұрын жазба қалдырып, бір қорап аспирин ішіп алып, жатып қалған.
Ауыр жағдайда жатқан баласын көрген анасы бірден жедел жәрдем шақырған.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлауынша, аталған жайтқа байланысты жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ауыл мектебіне министрлік өкілдері және Алматы облысы білім беру басқармасы барады.