Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

21 Желтоқсан 2021, 08:57
1594
Бөлісу:
Алматыда бас шыршаның шамы жағылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр.

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Алматының Бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Сондай-ақ 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады. Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пункттері жұмысын жалғастыруда. 

Өзгелердің жаңалығы