Алматыда «Балаларға өмір сыйла» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті

30 Мамыр 2021, 21:42
2953
Бөлісу:
Алматыда «Балаларға өмір сыйла» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 мамырда Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ-ның 15 жылдығына арналған «Балаларға өмір сыйла» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті («ДОМ» қорын Аружан Саин мен оның серіктестері 2006 жылы сәуір айында тіркеген болатын).

Бұл фильм қордың осы уақыт ішіндегі жұмысы туралы есебіндей болып, қазақстандықтардың арқасында көмек алған балалардың тағдыры туралы.

Фильмнің өзі - жылы сұхбаттардан, қордың арқасында ұзақ және қиын қалпына келтіру жолынан өткендердің естеліктері мен сәттілік тарихынан құралған мозаика. Қордың бір жобасының атында үндеу бар: «Балаларға өмір сыйла!» деген. Көмектері балаларға күлкі сыйлаған серіктестер мен басқа қамқор адамдар Қор және оның командасы туралы жылы сөздер айтты.


Күнделікті күйбең тірліктің ішінде біз қанша нәрсе істелгенін байқамаймыз. Жылдық есептердің қорытындыларын қосқанда ғана біз 15 жыл ішінде Қазақстан халқы «ДОМ» ҚҚ арқылы балаларға жалпы сомасы 6,2 млрд.теңгеден астам көмек көрсеткенін біліп, таңқалдық! Бұған балаларды шетелде емдеуді ұйымдастыруға арналған тікелей ақшалай қайырымдылықтар, медициналық жабдықтар мен оңалтудың техникалық құралдарының, санитарлық-гигиеналық өнімдер мен тұрмыстық химия құралдарының, емханаларға, ауруханалар мен балалар үйіне берілген тамақ, киім мен аяқ киімнің құны кіреді. Біздің барлық жобаларымызда – «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңеміз!» және «Жетімі жоқ Қазақстан» – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Kusto» компаниялар тобы, «Kaspi.kz» және басқа да көптеген ұйымдар мен мыңдаған қарапайым қазақстандықтар қорға қолдау көрсетті, – дейді қордың негізін қалаушы Аружан Саин. 

Фильммен аттас «Балаларға өмір сыйла» жобасында республикамыздың барлық аймақтарынан 1981 балаға көмек көрсетілді. 4 101 208 414 теңге сомасында 3 017 ота жасалды (кейбіреулеріне бірнеше рет). Әр баланың тарихы – бұл ғажайып, сенім, өмір үшін күрестегі кіші және үлкен жеңістер туралы әңгіме.

Бірақ фильм тек көмек алған балалар туралы ғана емес, сонымен бірге көмектескен адамдар туралы да. Қордың қамқоршылары Мәулен Әшімбаев, Вячеслав Ким (Kaspi.kz), Әсел Шілдебаева (Samruk-Kazyna Trust), Еркін Татишевтің (Kusto Group) сөздерінде, олар сияқты көмектесетін көптеген адамдарға алғыс білдіруден басқа, қарапайым адами құндылықтар, неге көмектесу керек және біреуге көмектесу арқылы сіз әлемді өзгерте отырып, оны жақсартасыз деген сұрақтарға жауаптар жатыр. Сіз тек бір баланың, мыңдаған отбасының өмірін ғана емес, өз еліңізді, біздің Қазақстанымызды өзгертесіз.

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы