Алматыда айыппұл арқалаған танымал дәмханалар мен мейрамханалар белгілі болды

7 Сәуір 2021, 15:50
2060
Бөлісу:
Алматыда айыппұл арқалаған танымал дәмханалар мен мейрамханалар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифинг барысында биыл карантин шараларына қатысты бұзушылықтар болған мегаполистегі танымал мекемелерді атады.

Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктердің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен полицейлер кіреді. Күн сайын карантиндік шаралардың бұзушылықтарын анықтауға көмектесетін еріктілер үлкен қолдау көрсетеді.Тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мобильді топтардың өкілдері болып жатқан шараларды фото және бейне таспаға түсіріп алады, оны одан кейін баянат толтырып, әкімшілік іс қозғау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жібереді. Санитарлық дәрігерлер өз кезегінде хаттамалар толтырып, шектеу шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы ұйғарым шығарады, - деді ол.
Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, көп жағдайда бұл үнемі үйлену тойлары, банкеттер өткізетін мейрамханаларға немесе жаппай шаралар ұйымдастыратын түнгі клубтарға қатысты.

Мысалы, 2021 жылдың 1 қаңтары мен 6 сәуірі аралығында мониторингтік топтар келесі мекемелерден бұзушылықтарды анықтады. Олардың арасында көпшілікке танымал мекемелер бар:

Алатау ауданында - «Жақсылық», «Центр шашлыка» дәмханалары, «Шамо» ЖШС бильярд клубы, «Эгоист» компьютерлік клубы, «Алатау» СОО, «Alimus» бильярд клубы, «Алем»к араоке клубы, «Лейла» дәмханасы.

Алмалы ауданында - «Finik» мейрамханасы, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» дәмханасы, «Пират» дәмханасы, «Endorphin» дәмханасы, «Где то» дәмханасы, Loto Club, ТОПАЗ ЖК.
Әуезов ауданында - «Рыба моей мечты» караоке-бары, «Ejelgi Arman» ЖШС лото клубы, «Лабиринт» дәмханасы.

Бостандық ауданында - «Sunset» мейрамханасы , «Шмель» тавернасы, «Queer» түнгі клубы «Alfa International Construction and Trade Company» ЖШС жалға беруші, «Queer» түнгі клубы, «Kango» ЖШС спорттық батут паркі, «Nino» мейрамханасы, «Мята» лаундж бары, «Министры» караоке-клубы, «Salam Bro» дәмханасы, «Ориент» караоке клубы, «Стронг» компьютерлік клубы.

Жетісу ауданы - жеке тұлға Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы, «Gameclub» ойын клубы, жеке тұлға Қуандыкова Ж.С. ойын алаңы, «Ломатик» ойын залы, «SKY SPORT» компьютерлік клубы, ТОО «ГринККМ» лото клубы.

Медеу ауданында - Виктория бинго клубы, «Ordagamecenter» ЖШС компьютерлік клубы, «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары, «Hookan Dreems» кафебары, «Айлина» мейрамханасы, «Небо» бары, «Rush7gill pub» бильярд клубы, «Loto» клубы, «AVANGARD» ойын клубы, «Лауреат» мейрамханасы, «Мята» бары, «Avangard» ойын клубы, бар «Bacha», «Bacha» бары.

Наурызбай ауданында - «Премьера» дәмханасы, «Таужолы» дәмханасы,) «Baqsarai» мейрамханасы (банкет залы), «Байтерек» мейрамаханасы.
Түрксіб ауданында - «БекАр» ойын клубы қоғамдық ұйымы, «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені, «ВAZA» ойын клубы, «Talavi» мейрамханасы, «Нинигри» дәмханасы.

СЭҚ өкілі Байғабылов мониторингтік топтарды жазалаушы құрылым ретінде қабылдамау керектігін атап өтті, өйткені олардың басты мақсаты - коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу. Ол алматылықтарды пандемия кезінде және коронавирустың үшінші толқыны жағдайында қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға: бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, жеке гигиена шараларын сақтауға, тойларға, үйлену тойларына, еске алу кештеріне, дискотекаларға және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.


Өзгелердің жаңалығы