Алматыда әйелді суицидтен құтқарған полицейлер марапатталды

11 Қыркүйек 2021, 19:48
3552
Бөлісу:
Алматыда әйелді суицидтен құтқарған полицейлер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әйелді суицидтен құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, патруль қызметкерлері Жалғас Бектұров пен Медет Мұсабаев құтқару іс-шарасын бір ай бұрын Алматының Бостандық ауданындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінің аумағында жүргізген.

Таңғы сағат 06:40-та осы тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірі шу шығарып жатыр деген қоңырау келіп түсті. Осы мекенжайға әріптесім Жалғас Бектұровпен бірге «Буран-153» экипажының құрамында келген кезде пәтер сырттан жабық болды. Іштен дауыстар естілді, ал адамдар есікті іштен аша алмай жатты, – деді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Медет Мұсабаев.
Содан кейін патрульдік қызметкерлер ерікті түрде көмектескісі келген жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінді.

«Керемет» тұрғын үй кешенінің тұрғынының айтуынша, таңертеңгі жетіде ұйықтап жатып, айқайды естіген. Әйел айқайлап жатты, ол терезеден секіргісі келді. Полиция келді, алдымен олар біздің тереземізді ашты, сосын оны құтқарды. Әр жақтан жақындау үшін есікті ашуға тырысты.

Біз пәтердің иесін шақырдық, оның артық кілттері бар еді. Бірақ пәтер иесі келгенге дейін қыз терезені ашып, төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болды. Ол желдеткішті ұстап тұрды. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін біз бесінші қабаттан тартылған жіптен төмен түсуге мәжбүр болдық. Осылайша суицидке жол берілмеді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйел мас күйінде болған, – деп қорытындылады Мұсабаев.
Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін» медалімен көтермеленді.
Біздің қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін ғана емес, азаматтық борыштарын да тамаша орындады: олар орны толмас қайғылы жағдайдың алдын алып, адамның өмірін сақтап қалды. Бұл факт ұзақ уақыт бойы жас полицейлерге үлгі болады. Олардың қызметі әрқашан қауіпсіздіктің мүддесі үшін адалдық пен тәуекелмен байланысты, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Өзгелердің жаңалығы