Алматыда автошоу өтеді
21 Мамыр, 15:51 524

Алматыда автошоу өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 22 мамырда «Астана» алаңында жаңа форматтағы ауқымды автошоу өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Іс-шарада 156 түрлі көліктерді көрсетеді, оның ішінде қалпына келтірілген классикалық автомобильдер, жаңа автомобильдер, жоғары деңгейлі люкс үлгілері, спорттық автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ неміс автомобиль өнеркәсібінің аты аңызға айналған үлгілері.

Спорттық авто фестиваль барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді және қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Кез-келген адам мотобайкке мінуден тегін мастер-класс өткізіп, жоба демеушілерінен сыйлық ала алады.

Автошоуға байланысты Төле би көшесінде Абылай хан мен Панфилов көшелерінің арасында жол қозғалысын жабу жоспарлануда. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұраймыз,-делінген хабарламада.

Загрузка...