Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды

26 Қаңтар 2021, 12:55
1511
Бөлісу:
Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жаяу жүргіншіге рұқсат етілмегнен жерден өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып өлтірді. 

Қайғылы жағдай 26 қаңтар таңғы сағат 8 шамасында Жандосов пен Кекілбайұлы көшелерінің қиылысында болған.

Автобус қаққан әйел 1971 жылы туған, ол қатты жарақаттан сол жерде көз жұмды.

Қазір  ҚР ҚК 345 бабының 3 тармақшасы бойынша тергеу басталды. Сарапшылар тағайындалды. Айта кету керек, жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден өткен. Сол жерден 300 метрдей жерде жерасты өткелі тұр,-дейді Алматы ПД-нің Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шарипов.

Өзгелердің жаңалығы