Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

7 Қазан 2023, 02:35
710
Бөлісу:
Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Демалыс күндері Алматыда Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7-8 қазан күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Түркістан облысының 13 аудан мен 3 қаладан (Арыс, Кентау, Жетісай) келген диқандар қатысады.

Жәрмеңкеде өнімнің 50-ден астам атау (ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі - 300 тонна, оның ішінде ет – 60 тонна, жеміс-көкөніс – 200 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық – 5 тонна, басқалары – 20 тонна.

Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Шевченко көшесіндегі Ш.Уәлиханов алаңы (Қонаев пен Пушкин көшелерінің арасында) мекенжай бойынша өтеді.

Өзгелердің жаңалығы