Алматыда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

19 Қараша 2022, 14:45
1395
Бөлісу:
Алматыда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Осы демалыс күндері қалалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың азық-түлік кәсіпорындары мен Алматы облысының фермерлері өнімдерін ұсынады. Сатып алушыларға 50-ден астам түрлі тауар ұсынылады. 

Өнімнің жалпы көлемі – 100 тонна, оның ішінде:
• ет өнімдері - 20 тонна,
• жеміс-көкөніс өнімдері - 60 тонна,
• сүт өнімдері - 5 тонна, 
• балық өнімдері - 1 тонна, 
• басқа өнімдер - 14 тонна.

Жәрмеңке 19-20 қарашада сағат 08:00-ден 17: 00-ге дейін өтеді.

Өзгелердің жаңалығы