Алматыда аулаларға шлагбаум орнату талаптары күшейтілді

Енді шлагбаум орнату үшін тұрғындардың келісімімен қатар аудан әкімдігінің рұқсаты қажет.

 istockphoto.com 22 Тамыз 2026, 14:15
22 Тамыз 2026, 14:15
139
Фото: istockphoto.com

16 тамыздан бастап Алматыда тұрғын үйлердің аулаларына шлагбаум орнатудың жаңа ережелері күшіне енді. Енді оны орнату үшін аудан әкімдігімен келісу қажет. Негізгі талаптардың бірі – арнайы және коммуналдық қызметтердің өтуіне кедергі келтірмеу үшін шлагбаум автоматты түрде ашылуға тиіс.

Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы тұрғындар шлагбаум орнату туралы шешімді кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне жататын жер телімінде ғана қабылдай алатынын түсіндірді.

Ол үшін үй-жай иелерінің үштен екісінен астамының келісімі қажет.

Шлагбаум орнатудың бірыңғай тәртібі арнайы және коммуналдық қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Тұрғындар шлагбаум орнату туралы шешімді кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне жататын жер телімінде ғана өздері қабылдай алады. Ол үшін үй-жай иелерінің үштен екісінен астамының келісімі қажет, – деп мәлімдеді басқарма.

Тұрғындар шешім қабылдағаннан кейін аудан әкімдігінің келісімін алу қажет. Егер аула арқылы көлік өтетін жол болса, мәселені қарауға өртке қарсы қызмет мамандары да тартылуы мүмкін.

Наверх