Алматыда аулалар мен қоғамдық орындардағы тәртіп күшейтіледі

6 Тамыз 2019, 11:47
1704
Бөлісу:
Алматыда аулалар мен қоғамдық орындардағы тәртіп күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыны дамытудың басты бағыттарының бірі қоғамдық қауіпсіздік, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікке ерекше мән беруде. Қала басшысының тапсырмасы бойынша полиция департаменті аулалар мен қараңғы учаскелерді ескере отырып, патруль жүргізу тәртібін қайта қарады.

Алматының полиция департаменті хабарлағандай, мегаполисте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету форматы өзгерді: сыртқы қызметтер аулалар мен қоғамдық орындарға патруль жүргізуді, яғни қадағалауды бастады.

«Әр аудандағы барынша криминалды учаскелер мен қылмыс болатын жерлер уақыт, күн, апта бойынша сарапталды, жаяу және автоэкипаж нарядтары енді көпқабатты үйдердің аулаларын да қадағалайтын болады», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев.

Алғашқы ауысым өздеріне тапсырылған учаскені сағат 08.00 ден 16.00-ге дейін, екіншісі сағат 16.00 ден 00.00-ге дейін, ал үшіншісі сағат 00.00 ден 08.00 –ге дейін күзетеді. Әрбір криминалды учаскеге қатысты ауларларды түгел қамтитын жеке бағыттар белгіленді, мұнда жаяу патрульдеудің уақыты, бағыты көрсетілген.

Қылмыстың алдын алуға қатысты кешенді шараларды жүргізудің нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс деңгейі 25,4%-ға, көшелердегі қылмыс 30,7 %-ға төмендеген.

«Сонымен қатар әкімшілік тәртіп бұзушылыққа «нөлдік төзім» принципі қалыптасуда. 111 мыңнан астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 979 млн теңгеден астам.Қала полициясы жүргізіп жатқан ескерту шаралары құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға ықпал ететін болады», - деп атап өтті  Күдебаев.

Өзгелердің жаңалығы