Алматыда Әуезов көшесімен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жол ашылады

27 Мамыр 2022, 21:00
1529
Бөлісу:
Алматыда Әуезов көшесімен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жол ашылады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. 28 мамырда ұзындығы 0,8 шақырымды құрайтын Әуезов көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейін бөлікте төртжолақты жаңа жол ашылады.

Көшенің ұзаруы қозғалыс жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын көбейтуге мүмкіндік береді.

Ұзарту кезінде магистралды жылу жүйесі желісін қайта орналастыру, өтпелі және бағаналы бағдаршамдармен бірге төрт темір жол өткелін қайта жасалды, арық жүйесін жаңарту мен көршілес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар маусым айының аяғына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Алматыда Әуезов көшесімен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жол ашылады

Бұрындары Әуезов көшесі солтүстік бағытта Гоголь көшесімен тұйықталатын. Ал бұл ауданда солтүстік-оңтүстік бағыты бойынша көше-жол желісі жетіспейтіндігі байқалған еді.
 

Өзгелердің жаңалығы