Елорда күніне орай көпбалалы аналар тістерін тегін тексертті

3 Шілде 2021, 18:28
2258
Бөлісу:
Елорда күніне орай көпбалалы аналар тістерін тегін тексертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы көпбалалы қырық ана №5 қалалық клиникалық ауруханада тісін тегін емдеу мүмкіндігіне ие. Қайырымдылық акциясы Астана күніне орайластырылды.

Науқастарды 5-ші аурухананың үздік стоматологтары қабылдады. Медеу ауданы "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының басшысы Толқын Саметованың айтуынша, халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан көптеген әйелдер стоматологиялық қызмет көрсету орталығына мұқтаж.

Көпбалалы әйелдер тіс емдеудің қымбат екенін айтады. Сол себепті мұқтаж жандарға көмектесуді шештік. Бұл шараға Медеу ауданы әкімдігі, Nur Otan партиясының ұжымы мен емхана басшылығы қолдау білдірді. Оларға үлкен алғыс білдіреміз. Бүгін стоматологтар көпбалалы 40 ана мен мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдады. Бұл әлеуметтік-жауапты кәсіпорынның мысалы, – дейді Толқын Саметова.

Айта кетерлігі, "Бақытты отбасы" жобасы көпбалалы отбасылардың балалары мен ата-аналарына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Медеу ауданының көпбалалы аналары №5 ҚКА бас дәрігері Болат Садықовпен кездесіп, онда халықтың әлеуметтік осал тобы үшін тегін стоматологиялық қызмет көрсету мәселелерін көтерген еді. Сөз соңында емделуге мұқтаж аналар мен Медеу ауданы балаларының тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Бұл акция көпбалалы аналар үшін тісін емдетуге оң ықпал етуде.

Өзгелердің жаңалығы