Алматыда әскери дәрігерлердің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті

19 Тамыз 2023, 23:11
967
Бөлісу:
Алматыда әскери дәрігерлердің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті
Фото: gov.kz

ҚР Қарулы күштері Санитарлық-эпидемиологиялық орталығының әскери дәрігерлері тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында санитарлық-эпидемиологиялық жасақты далалық жағдайда орналастыруды пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-жаттығудың міндетіне жеке құрамның жауынгерлік дайындығын тексеру, далалық оқытуды жетілдіру, сондай-ақ жеке құрамды далалық жағдайларда функционалдық бөлімшелерді орналастыруға жаттықтыру кірді. Сабақ барысында марштан кейінгі орналасуға дайындық тексерілді.

Функционалдық бөлімшелердің әскери дәрігерлері аумақтың ерекшеліктері мен метеожағдайларды ескере отырып, зертханалық зерттеулер мен дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуге, оқу-жаттығу ауданында санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру мен өткізуге машықтанды.

Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың жеке құрамы дабылмен көтерілді. Құрылған санитарлық-эпидемиологиялық жасақ штаттық автомобиль техникасымен марш жасап, функционалдық бөлімшелері бар далалық лагерьді орналастырды, санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізді.

Оқу-жаттығуға арнайы автомобиль техникалары тартылды. AЛ-4 автозертханасы далалық жағдайда токсико-радиометриялық зерттеулер жүргізуге арналған. Мобильді зертханалық кешен инфекциялық аурулардың уақтылы зертханалық диагностикасын, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) және иммуноферменттік талдау (ИФА) әдісімен молекулалық-генетикалық зерттеулерді, сондай-ақ микробиологиялық, санитариялық-гигиеналық, химиялық-токсилогиялық, радиометриялық зерттеулерді, дала жағдайлары мен төтенше жағдайларда биологиялық құралдарды индикациялауды жүргізуге мүмкіндік береді.

ДДК-01 Дезинфекциялық жылжымалы душ кешені дербес жағдайларда қолданылады және төтенше жағдай кезінде бактериялық құралдармен инфекция аймағында болған жеке құрамды толық санитарлық өңдеуге, киім-кешекті пен төсек-орындарды дезинфекциялауға арналған.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар санитарлық-эпидемиологиялық жасақ дала жағдайында әскерлердің санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы