Алматыда арықтың орнына автотұрақ салмақ болған: Жұмыс тоқтатылды

26 Қараша 2026, 15:16
АВТОР
 ©️ BAQ.KZ коллажы 26 Қараша 2026, 15:16
26 Қараша 2026, 15:16
116
Фото: ©️ BAQ.KZ коллажы
Алматының Алмалы ауданында арықтарды жауып, олардың орнына көлік қоятын орын жасамақ болған. Алайда тиісті рұқсат құжаттары болмағандықтан, жұмыс тоқтатылып, аумақты бастапқы қалпына келтіру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл жағдай әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін талқыланды. Жазба авторының айтуынша, 19 қарашада көшедегі бетон арықтар алынып, олардың орнына жабық арық пен көлік қоятын орын жасалатыны айтылған.

Кейін аумаққа асфальт төселіп, көліктер де тұрақтай бастаған. Алайда 25 қарашада жаңа асфальт қайта алынып, бұрынғы жиектастар орнатылып, арықтар қалпына келтіріле бастаған.

Бұл жағдайға қатысты Алмалы ауданы әкімдігі түсініктеме берді. Әкімдік мәліметінше, аталған аумақта жеке тұлға тиісті рұқсат құжаттарынсыз өз бетінше автотұрақ орнын жасауға кіріскен.

Қазір заңсыз жұмыстар тоқтатылған. Ал жұмысқа бастамашы болған жеке тұлға аумақты бастапқы қалпына келтіріп, бұрынғы абаттандыру элементтерін қайта орнатуға кіріскен.

Наверх