Алматыда Анна Башинскаяның орнына жаңа депутат сайланды

30 Қазан 2023, 15:15
843
Бөлісу:
Алматыда Анна Башинскаяның орнына жаңа депутат сайланды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Алматыда №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына мәслихат депутатын сайлау үшін барлығы 42 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жексенбіде Алматыда және еліміздің тағы 10 өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтті. Дауыс беру сағат таңғы 07.00-де бір минут үнсіздік жариялап, қаза тапқан кеншілерді еске алумен басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасты.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 52 015 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 7117 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс — 13 адам қатысты.

 Бюллетеньде 6 үміткер болды. Барлық сайлау учаскесінде дауыс беру тәртібі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер туралы ақпараттар орналастырылды. Сайлау учаскелерінде байқаушылар, кандидаттардың сенімді өкілдері және БАҚ өкілдерінен құралған 103 адам отырды. Сайлау қорытындысымен № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып Елена Евгеньевна Бакарасова сайланды, — деп хабарлады Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.

Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Deutsche Welle-дегі мәлімдемесіне «Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға» деп ұсыныс білдірген Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинская мандатын тапсырған еді.

Өзгелердің жаңалығы