Алматыда «Ана мен бала» халықаралық форумы өтті

21 Мамыр 2023, 19:11
692
Бөлісу:
Алматыда «Ана мен бала» халықаралық форумы өтті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы қаласында «Ана мен бала» атты халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, форум сындарлы көпжақты диалог үшін беделді алаң болып саналады. Форумға ҚР, жақын және алыс шетелдердің жетекші профессорларынан ондаған баяндамалар ұсынылып, тақырыптық пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Репродуктивтік денсаулықты, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу – диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми жетістіктермен және клиникалық тәжірибемен алмасу мақсатында форумға әртүрлі мамандықтардың жетекші мамандары: акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, неонатологтар, педиатрлар, медициналық генетиктер, зерттеудің функционалдық әдістерінің мамандары (УДЗ, КТГ), акушерлер, мейіргерлер қатысты.

Форумның ғылыми бағдарламасы акушерліктің клиникалық аспектілері, репродуктивтік денсаулық, гинекологиялық эндокринология, эстетикалық гинекология, перинатология мен неонатологияның клиникалық аспектілері, педиатрия және т.б. сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.
Форумға ДСМ аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова, ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова, Ayala қорының президенті Айдана Сүлейменова, Help Today қорының президенті Эльмира Әлиева, ҚР университеттерінің, ғылыми орталықтардың жетекші профессорлары, кафедра меңгерушілері - Вячеслав Локшин, Диляра Қайдарова, Салтанат Байқошқарова, Талшын Үкібасова, Әйгерім Дощанова, Гүлжахан Омарова, Гүлнара Әбілдинова, Жанар Құрманғали, Венера Исраилова, Бектұрған Карин, Нышангүл Божбанбаева, Асылжан Ерекешев, Светлана Шиканова, Раушан Нұрхасимова, Лаззат Оспанова және басқалар, перинаталдық орталықтардың бас дәрігерлері, аралас мамандықтардың жетекші мамандары қатысты.

Екі күннің ішінде форумда офлайн форматта 800-ден астам адам және онлайн режимінде 3000-ға жуық маман қабылданды.

Осындай конференциялардың арқасында жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға және тек еліміздің жетекші профессорларымен ғана емес, сондай-ақ әлемдік ағартушылармен де пайдалы пікірталастар жасауға мүмкіндік туады.

Өзгелердің жаңалығы