Алматыда әмиян ұрлаған күдікті видеоға түсіп қалды

11 Шілде 2023, 23:12
1119
Бөлісу:
Алматыда әмиян ұрлаған күдікті видеоға түсіп қалды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Жетісу ауданының жедел уәкілдерінің мәліметінше, 42 жастағы Е.есімді әйел ұрлық қылмысын жасап жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Күдікті тапа-тал түсте базарда адамның көптігін пайдаланып, келушінің сөмкесінен құжаттары бар әмиян мен 400 мың теңгені ұрлап кеткен. Шамасы, қаскөй назардан тыс қалуды жоспарлаған және оның қылмыстық әрекеттері бақылау камерасының объективіне түседі деп ойламаған болуы мүмкін. Жәбірленушіден сигнал түскен бойда жедел бөлімшенің қызметкерлері бейнежүйелерден алынған мәліметтерге талдау жасады. Осылайша, ұрлықтың хронологиясын құрастырып, күдіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды. Ол ұсталып, қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады. 

Өзгелердің жаңалығы