Алматыда "Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі" атты көрме өтіп жатыр

11 Желтоқсан 2019, 15:35
7648
Бөлісу:
Алматыда "Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі" атты көрме өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде ашылған көрмеге XIII-XIV ғасырға тән 300-ге жуық артефакті мен өте бағалы дүниелер қойылған.

Аталған көрме Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай өткізіліп отыр.

орда1.jpg

Ұйымдастырушылар президент өз мәлімдемесінде еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдылық бергенін айтады.

орда5.jpg
Көрменің мақсаты музейге келушілерді Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстыру. Көрменің ерекшелігі Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIV ғасырдағы Шағатай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіліп отыр, - дейді музейдегі археология орталығының жетекшісі Айтқұл Хамит.
 орда2.jpg

Сонымен қатр, ол экспозиция материалы бес ақпараттық кешенге жіктелгенін жеткізді.
 XIII-XIV ғасырда Алтын орда кезеңін қамтитын көптеген артефактілер қойылып отыр. Соның ішінде ең бірегейі жібек маталар болып отыр. Оның ішінде алтын жіппен тігілген құнды дүниелер бар, - дейді ол.
орда3.jpg

Сондай-ақ көрмеден жауынгерлердің құрал жабдықтарын, сол кезеңді қамтитын тиындарды, жебе ұштықтары, семсер, қылшан және тағы басқа артефактілерді көруге болады.
Біздің қалалар Ұлы Жібек жолы бойында дамыған. Сондықтан Отырар, Сарайшық қалаларынан да артефактілер қойылды. Оның ішінде қыш ыдыстар бар. Тағы бір керемет дүние Каталон атласы болып отыр. Бұл сол кездегі әлем картасы. Оны 1375 жылы Аврам деген еврей жасаған. Кейін оны француз паштасына сыйлаған. Оның түпнұсқасы Францияның ұлттық кітапханасында сақталған. Бұл содан алынған көшірме. Картада Алтын орда уақытында өмір сүрген қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығысы көрсетілген, - дейді Айтқұл Хамит.
орда4.jpg


Өзгелердің жаңалығы