Алматыда «Almaty Mount Fest» фестивалі өтеді

29 Қыркүйек 2023, 05:23
657
Бөлісу:
Алматыда «Almaty Mount Fest» фестивалі өтеді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Халықаралық Almaty Mount Fest 2023 тау спорт фестивалі «Медеу» мен «Шымбұлақта» 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылар таулы жердегі қиындықты бағындырып, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салып, төзімділік пен шыдамдылық танытуы керек. 

Жарысқа және іскерлік форумға тіркелген қатысушылар жүріп-тұруы үшін тегін автобустар жүреді. 

Almaty Mount Fest 2023 бағдарламасына жаппай туристік жорық, тау велосипедімен төмен түсу, таулы жерде жүгіру, «Молодежный» шыңына шығу және «Тау туризмін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық іскерлік форум бар. Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған фестиваль төрт күнге жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы