Алматыда алғаш рет пациентке электродсыз кардиостимулятор салынды

22 Желтоқсан 2023, 15:41
664
Бөлісу:
Алматыда алғаш рет пациентке электродсыз кардиостимулятор салынды
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ АҚ төрағасы Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, кардиостимуляция технологияларының жаңа буыны жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдейді. 

Бұған дейін 2016 жылы науқасқа әдеттегідей электрокардиостимулятор салынған, бірақ көп жылдан кейін ағзасы оны қабылдамаған. Біздің аритмологтар алғаш рет электродсыз кардиостимуляторды А.Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығының рентгенхирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Әділ Баимбетовтың басшылығымен орнатты. Келесі операцияларды өзіміз жасайтын боламыз, - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Ал ординатор Артур Абдымомуновтың айтуынша, Micra - жүрек өткізгіштігінің бұзылуынынң ауыр жағдайларына тап болған науқастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы.

Микраның көлемі ықшам, оны тікелей жүрек қуысына орналастыру оңай. Жетілдірілген технологиялар мен био-сенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын ынталандырады. Micraның басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімі. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Micra электродтарды өткізудің асқыну қаупін айтарлықтай төмендетеді, олардың зақымдану немесе инфекция түсу қаупінен сақтайтынын да айта кету маңызды, - деді жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Өзгелердің жаңалығы