Полиция қызметкерлері синтетикалық есірткіні сақтады және таратты деген күдікпен жас келіншекті құрықтады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев мәлімдеді.
Жеке тінту кезінде одан зат салынған жиырмадан астам байлам тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша, ол "альфа-PVP" есірткісі екені расталды. Психоактивті зат аса қауіпті есірткі санатына жатады. Сондай-ақ ұялы телефон тәркіленді. Тергеу бойынша ол арқылы заңсыз әрекеттерді үйлестіру іске асқан болуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.