Алматыда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды

19 Наурыз 2022, 09:47
1847
Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік нан бағасының өсуіне жол бермеу аясында Ауыл шаруашылығы министрлігімен 1-ші сұрыпты бидай ұнынан жасалған таба нан бағасын тұрақтандыру шаралары туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Меморандум «Қазақстан» және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арасында жасалды.

Келісім «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында жұмыс істейді.

Меморандум аясында Азық-түлік корпорациясы I сұрыпты ұн өндіру үшін Алматыдағы ұн тарту зауыттарына тоннасына 90 мың теңгенің бекітілген бағасымен бидай азық-түліктік астық жеткізуді қамтамасыз етеді, 2 делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Жалпы алғанда, Азық-түлік корпорациясының резервінен 2022 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Алматыға жалпы сомасы шамамен 2,7 млрд теңгеге 29,8 мың тоннадан астам астық жеткізу жоспарлануда.

Келісім тамыз айына дейін (қоса алғанда) одан әрі ұзарту мүмкіндігімен жарамды. Мегаполистің астыққа деген айлық сұранысы 4261,1 тоннаны құрайды.

Әкімдікте атап өтілгендей, шикізатпен қамтамасыз ету қаланың негізгі нан зауыттарына әлеуметтік нан бағасын бұрынғы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы