Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жүріп жатыр

6 Тамыз 2021, 12:18
4688
Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  бағасын тұрақтандыру жүріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Дамир Тазабек онлайн брифинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктік тауарлар бағасын ұстап тұру бойынша кешенді шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бастап Алматыда тұтыну бағасының индексі 109,4% (19-орын, ҚР 110,2%) құраған, бұл ел бойынша ең төменгі өсім. Бұл көрсеткішке жедел және стратегиялық шаралар арқылы қол жеткізілген.

Бағаны ұстап тұру үшін кешенді шаралар қабылдануда. Мәселен, бағаны тұрақтандырудың тиімді тетіктерінің бірі болып кәсіпкерлік субъектілеріне өндірілетін өнімнің бағасын немесе сөредегі бағаны белгілеу үшін жеңілдетілген несиелер беру іске асырылуда. Бүгінгі таңда, «айналым» схемасы аясында қаланы ӘМАТ-тың барлық 19 түрімен тұрақты бағамен қамтамасыз ету жалғасуда, - дейді Тазабек.

«Magnum Cash & Carry» сауда желісіне жеңілдікті қарыз беру есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін 7,8 мың тонна көлемінде әлеуметтік маңазы бар азық-түлік тауарларының  12 атауына, атап айтқанда 1-сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы және сары май, тауық еті, сиыр еті, сүт, айран, сүзбе, қантқа сөредегі баға бекітілген.

Осындай келісім «Тоймарт» сауда желісімен де жасалыпты, ол әлеуметтік маңазы бар азық-түлік тауарларының 10 түрінің 1,4 мың тонна өнімін, яғни 1-сұрыпты ұн, формалы нан, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы және сары май, тауық еті, айран, сүзбе, тұзға 6 ай ішінде төмендетілген бағамен сатып алу және өткізу бойынша міндеттемелер алған. 

Сондай-ақ осы бағдарлама аясында отандық өндірушілердің сату бағалары белгіленді. 

Атап айтсақ, «Ақсайнан» нан-тоқаш зауыты» осы жылдың желтоқсан айына дейін әлеуметтік нанның босату бағасын 75 тг/бөлке деңгейінде бекітті. Наннан басқа сиыр етін, жұмыртқа және қант өндірушілерінің босату бағаларын тіркей отырып, тікелей жеткізу ұйымдастырылуда, - деді Дамир Тазабек.
Өзгелердің жаңалығы