Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" жүргізген блогер 10 тәулікке қамалды

19 Маусым 2025, 00:26
645
Бөлісу:
 скрин
VIDEO
Фото: скрин

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "әлеуметтік эксперимент" жасаған блогер Т.-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметінше, Т. тәжірибе жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі мінез көрсеткен. Оның бұл әрекеттері бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.

Сот отырысында Т. өз кінәсін мойындап, іс материалдарындағы деректерді растады. Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп жазылған Алматы қалалық сотының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы