Алматыда алдағы күндері жарық өшірілетін көшелер тізімі жарияланды

12 Қазан 2026, 12:13
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 12 Қазан 2026, 12:13
12 Қазан 2026, 12:13
87
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Алматыда 13-17 қазан аралығында бірқатар көшелер мен шағын аудандарда электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бұл жөндеу жұмыстарына байланысты. Электр жарығын өшіру кестесін «Алатау Жарық Компаниясы» жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоспарлы жұмыстар күн сайын сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Кейбір учаскелерде жарық сағат 09:00-де өшірілуі мүмкін.

13 қазан: жарық өшірілетін аудандар мен көшелер

Бұл күні электр энергиясы мына мекенжайларда уақытша болмайды:

  • Шаңырақ-1 шағын ауданы: 20 Маусым, Ақжол, Бостандық, Жаңа талап, Қайнар, Майра, Өтемісұлы көшелері;

  • Самғау шағын ауданы: Жусанды, Жаңаарқа, Аршалы, Байынқол, Ботақара, Құлан, Темірқазық көшелері;

  • Айгерім-1 шағын ауданы: Ақсай, Байтұрсынов, Молдағұлова, Тополиная көшелері;

  • Айгерім-2 шағын ауданы: Әбіз, Байтенов, Жаңа ғасыр, Түймебаев, Шалқар, Шыңғыстау, Ынтымақ көшелері;

  • Наурызбай батыр көшесі, 4 және 8-үйлер;

  • Сейфуллин даңғылы, 402-үй;

  • Абай даңғылы, Прокофьев, Есенжанов, Жемчужная көшелері аумағы;

  • Кавказская, Прокофьев, Райымбек, Тлендиев көшелері аумағы;

  • Абай даңғылы, Бутлеров, Есенжанов, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Тұрғұт Өзал, Құлыбетов, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Маршак, Құлыбетов, Брусиловский көшелері аумағы;

  • Айтеке би, Байзақов, Гоголь, Чокин көшелері аумағы;

  • Сәтбаев, Брусиловский, Абай, Тлендиев көшелері аумағы;

  • Науаи, Жандосов, Сәтбаев, Розыбакиев көшелері аумағы;

  • Жандосов, Түркебаев, Сәтбаев, Тлендиев көшелері аумағы;

  • Таусамалы шағын ауданы: Мақатаев, Жұмабаев көшелері;

  • Қарағайлы шағын ауданы: Мечеть, Қозыбасы көшелері;

  • Ақжар шағын ауданы: Нұрғали, Сұлтанбаев, Бейлібаев көшелері;

  • Қалқаман-2 шағын ауданы: Бегалиев, Молдабеков, Құдайбердиев, Әшімов көшелері.

Сондай-ақ Трудовик, Томирис, Жас Қанат, Бақанасыл-2, Қарғалы, Ақсай-1 және Ақсай-3 шағын аудандарының бірқатар учаскелерінде, сондай-ақ жеке көшелер мен бау-бақша серіктестіктерінде электр жарығы уақытша сөндіріледі.

14 қазан

  • Ұлжан-1 шағын ауданы: Байтас, Жаңажол, Жалайыри, Сарбастау көшелері;

  • Әлімжанов көшесі, 84-үй;

  • Жібек жолы көшесі, 81-үй;

  • Мақатаев көшесі, 88-үй;

  • Панфилов көшесі, 83 және 85-үйлер;

  • Қазыбек би, Мирзоян, Айтеке би, Исаев көшелері аумағы;

  • Қазыбек би, Исаев, Айтеке би, Нұрмақов көшелері аумағы;

  • Қазыбек би, Сейфуллин, Айтеке би, Амангелді көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Тұрғұт Өзал, Құлыбетов, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Төле би, Даргомыжский, Дүйсенов, Карьерная көшелері аумағы;

  • Құлыбетов, Варламов, Қарасай батыр, Карьерная көшелері аумағы;

  • Дүйсенов, Тұрғұт Өзал, Кавказская, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Науаи, Жандосов, Сәтбаев, Розыбакиев көшелері аумағы;

  • Жандосов, Түркебаев, Сәтбаев, Тлендиев көшелері аумағы.

Сонымен қатар Қарғалы, Ақжар, Қалқаман-2, Өжет және Алтай-1 шағын аудандарының бірқатар көшелері мен үйлерінде жарық өшіріледі.

15 қазан

  • Шаңырақ-1 шағын ауданы: 20 Маусым, Ақжол, Бостандық, Жаңа талап, Қайнар, Майра, Өтемісұлы көшелері;

  • Ұлжан-1 шағын ауданы: Ақжар, Бесқайнар, Бозорал, Жалайыри, Жаңалық, Қарабұлақ, Сарбастау, Сұлутөбе, Ұлан көшелері;

  • Ұлжан-2 шағын ауданы: Бертәй қызы, Байтак, Ерменсай, Бесшатыр көшелері;

  • Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Жемчужная, Құлыбетов, Тлендиев көшелері аумағы;

  • Абай даңғылы, Бутлеров, Есенжанов, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Құлыбетов, Варламов, Қарасай батыр, Карьерная көшелері аумағы;

  • Абай, Байсейітова, Құрманғазы, Абылай хан көшелері аумағы;

  • Жамбыл, Желтоқсан, Қабанбай батыр, Чайковский көшелері аумағы;

  • Солодовников, Розыбакиев, Сәтбаев, Хусаинов көшелері аумағы;

  • Қарағайлы шағын ауданы: Еңлік-Кебек, Алтын заң, Айша бибі көшелері;

  • Ақжар шағын ауданы: Өмірзақов, Байсұлтанов, Айманов көшелері;

  • Қалқаман-2 шағын ауданы: Айбергенов, Қыдырбеков, Байтұрсынов, Сәке батыр көшелері.

Сондай-ақ Маяк шағын ауданы, Өжет, Горный Гигант, 8 және 10-шағын аудандар, сондай-ақ бірқатар жеке көшелер мен бау-бақша серіктестіктерінде электр энергиясы уақытша болмайды.

16 қазан

  • Шаңырақ-1 шағын ауданы: 20 Маусым, Ақжол, Бостандық, Жаңа талап, Қайнар, Майра, Өтемісұлы көшелері;

  • Ұлжан-1 шағын ауданы: Бозарал, Жалайыри, Бесқайнар, Жаңалық, Қарабұлақ, Сарбастау, Сұлутөбе, Ұлан көшелері;

  • Мынбаев, Клочков, Абай даңғылы, 8-линия көшелері аумағы;

  • Абай даңғылы, Прокофьев, Есенжанов, Жемчужная көшелері аумағы;

  • Төле би, Даргомыжский, Дүйсенов, Карьерная көшелері аумағы;

  • Құлыбетов, Варламов, Қарасай батыр, Карьерная көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Тұрғұт Өзал, Құлыбетов, Түркебаев көшелері аумағы;

  • Шәкәрім, Рахманинов, Құлыбетов, Тұрғұт Өзал көшелері аумағы;

  • Васнецов, Тлендиев, Төле би, Волховская көшелері аумағы;

  • Шевченко, Қашғар, Жамбыл, Байтурсынов көшелері аумағы;

  • Қарағайлы шағын ауданы: Ізгілік, Бөкеев көшелері;

  • Ақжар шағын ауданы: Бекешев, Дәулеткерей, Мырзалиев, Айманов көшелері;

  • Қалқаман-2 шағын ауданы: Әшімов көшесі.

Бұдан бөлек, Өжет шағын ауданының, сондай-ақ бірнеше жеке көшенің, тұрғын үйдің және бау-бақша серіктестігінің тұрғындары да электр жарығы уақытша өшірілетінін ескергені жөн.

17 қазан

17 қазанда сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Ермак көшесіндегі 17-үйде электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Электр қуатын өшіру кестесі жөндеу жұмыстарына байланысты өзгеруі мүмкін. Тұрғындарға өз мекенжайын «Алатау Жарық Компаниясының» ресми сайтындағы жоспарлы электр өшіру кестесінен қосымша тексеру ұсынылады.

Наверх