Алматыда алаяқтық жасаған Ресей азаматы ұсталды

25 Қараша 2022, 08:12
1296
Бөлісу:
Алматыда алаяқтық жасаған Ресей азаматы ұсталды

Алматыда полицейлер бірнеше алаяқтық жасағаны үшін 52 жастағы Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.

Қылмыстың тізбегі қарапайым болды: аңқау азаматтар такси жолаушысы сияқты көрініп, жүргізушімен тіл табысып алған алаяқтың айласына оңай түсіп қалатын. Жол-жөнекей ер адам жүргізушіні техника мен басқа да халық тұтынатын тауарларды нарықтан төмен бағамен алуға мүмкіндігі бар екеніне сендірді. Одан әрі ол такси жүргізушілеріне тауарды сатуға көмектесемін деп уәде берді. Ол үшін жеке такси жүргізушілері тиімді кәсіпке қаражат салу үшін ақшаны тез арада тауып, қаскөйге беруі керек болды. Өкінішке қарай, қаланың үш тұрғыны қаскөйдің қылмыстық желісіне түсіп қалды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Өзгелердің жаңалығы