Алматыда «Адамзаттың Абайы» атты мәдени іс-шара өтті

10 Тамыз 2019, 12:39
1405
Бөлісу:
Алматыда «Адамзаттың Абайы» атты мәдени іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемеңгер ақынның туғанына биыл 174 жыл. Дәл қазір Алматыда «Адамзаттың Абайы» атты дәстүрлі мәдени іс-шара өтіп жатыр. Бұл туралы 24kz хабарлады. 

Абайдың мерейтойы, мәдени шара ғана емес, салмағы басым рухани басқосу десе болар. Себебі Абайдың адамгершілік пен парасатқа үндейтін бай мұрасына қазақ халқы дәл қазіргі уақытта зәру. Біз Абайды тануға, оның ілімін сіңіруге ұмтылымыз керек. Бұл – абайтанушылардың ортақ пікірі. 

«Осы ретте рухани бірлікке үндейтін бүгінгідей шаралардың маңызы зор», – дейді зиялы қауым өкілдері. 

Бүгінгі шараға жиналған қауым Абай шығармаларын оқып, ұлы ойшылға арнаған өлеңдерін көпшілікпен бөлісті.


Өзгелердің жаңалығы