Алматыда 9 қаржы пирамидасы жабылды

15 Қараша 2023, 18:56
509
Бөлісу:
Алматыда 9 қаржы пирамидасы жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Аамдарды алаяқтық жолмен арбайтын 376 интернет сілтеме бұғатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері айтты.

Енді біздің азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілердің финпирамида белгілерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Бұл олардың «алаяқтық» схемаларға алдануына жол бермейді. Әзірленген өнім халық арасында үлкен сұранысқа ие екендігі қазірдің өзінде байқалады. Қысқа уақыт ішінде азаматтардан түскен 6 мыңнан астам өтінім қаралды, оларға бот автоматты түрде жауап берді, – деді Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан.

Мемлекеттік органның мәліметінше, жыл басынан бері 9 қаржы пирамидасының (WBIC, Robotex, Hit Beat Music, Qnet, Chia Thai, Bincloud, S-Group, Marqar, Patin Coin) жолы кесілді – 3000 адам олардың құрбаны болған. Сондай-ақ, жыл басынан бері интернет-ресурстарды тексеретін «Байқа пирамида» Telegram-боты іске қосылды. Қаржы пирамидаларының жеке тұлғаларға келтірілген залал сомасы 259 млн теңгеден асады.

B2B Jewerly» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша 1200-ден астам жәбірленушіге 700,1 млн теңге сомасына залал өтелді. 2,2 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салынды. Осы ретте айта кетерлігі елімізде қарқын алып жатқан интернет-алаяқтықтан да сақтандырғым келеді. «Жалған қаржы» ұйымдарының ұсыныстарын тарату жағдайлары жиілеп кетті. Олар ақшаны мұнай өндіруші компаниялардың, белгілі банктердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ірі жобаларына жоғары және пассивті кіріс түседі деген уәдемен инвестициялауға шақырады, – деді Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан.

Өзгелердің жаңалығы