Алматыда 84 мыңнан астам апатты жағдайдағы ағаш бар

30 Маусым 2023, 12:01
1084
Бөлісу:
Алматыда 84 мыңнан астам апатты жағдайдағы ағаш бар
Фото: автордан

Алматыда 4 миллион астам жасыл желек қоры бар, оның 485 мыңы апатты және әлсіреген. Қала тұрғындары ағаштардың жағдайына алаңдаулы, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда 84 мыңнан астам апатты жағдайдағы ағаш бар

Негізінен апатты ағаштар қаланың орталық бөлігі мен тұрғын үйлер көптеп шоғырланған аумақтарда өседі. Еске салайық, ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу тиісті аудан әкімінің аппараты мен Экология және қоршаған орта басқармасының бастамасымен жүргізіледі. 

Жасыл желектерді күтіп-баптау, санитарлық кесу мен ағаштарды бюджеттік есептен жою жұмыстарын аудан әкімдігі жүргізеді. Жылдың басында әкімдіктер бюджетті жоспарлау барысында апатты ағаштарды кесуге және жасыл желектерді жақсартуға қаражат бөлу мәселесін қарайды. Содан кейін ғана жергілікті билік eGov.kz сайты арқылы апатты ағаштарды жоюға рұқсат алады. Тек әкімдік қана емес, жалпы кез келген алматылық ЭЦҚ (ред. - электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен ағашты кесуге өтінім беріп, қажетті рұқсат қағазын ала алатынын атап өткім келеді. Бұл құжат белгілі бір жағдайларда – құрылыс кезінде, инженерлік желілерді төсеу, абаттандыру кезінде немесе ағаштар жалпы қолданыстағы қоғамдық орындарда өссе алынады. Рұқсат бермес бұрын, біздің мамандар ағаштың апатты жағдайда екеніне көз жеткізу үшін сол жерге барады, содан кейін ғана шешім шығарады, – дейді Экология және қоршаған орта басқармасының маманы Нұрлан Сейітбеков.

Алматыда 84 мыңнан астам апатты жағдайдағы ағаш бар

Тұрғындардың пікірінше, соңғы уақытта апатты ағаш көбейген. Жаңбыр мен қатты желдің салдарынан ағаштардың құлауы жиілеп кеткен.

Осыдан 1 апта бұрын, 30-дан астам ағаш опырылып көліктерге құлағын көрдік. Бұл не сұмдық? Айдың күннің аманында жолда жүруден қорқамыз. Бұрындары көлігімізді көлеңкеге қоятын едік, енді ағашы жоқ тұрақтарды іздейміз. Бұдан бөлек, желдің кесірінен кейбір үйдің қасбеті бүлінген. Меніңше, апатты ағаштарды кесіп, жас бұталарды отырғызу қажет. Дегенмен соңғы уақытта, жас бұталардың құрап жатқанын көзіміз шалады. Неге отырғызылған ағаштарға күтім жасалмайды?! Соны түсінбедім, - дейді Сезім Серікова есімді қала тұрғын.

Мамандардың пікірінше, кесілген ағаштың орнын толтырудың өзіндік стандарттары бар. Жасыл-желекті отырғызу тек күзгі-көктемгі кезеңде жүргізіледі және жаңа терек міндетті түрде апаттық ағаш тұрған жерге отырғызылуы шарт емес.

Үш жыл өткеннен кейін жасыл-желек отырғызылған аумаққа Жасыл экономика басқармасы, аудан әкімдігі, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын комиссия барып, ағаштарды зерттеп, жерсіну актісін жасайды, – дейді Экология және қоршаған орта басқармасының маманы Нұрлан Сейітбеков.

Мамандардың айтуынша, кесілген ағаш көмек ретінде ХӘОТ санатындағы мұқтаж отбасыларға таратылады, ал жарамсыз материал полигонға кәдеге жаратуға жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы