Алматыда 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағы ашылды

5 Қыркүйек 2023, 21:50
689
Бөлісу:
Алматыда 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағы ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ұзындығы жарты шақырымға жуық жаңа демалыс аймағы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің тапсырмасы мен тұрғындардың өтініштері бойынша 2022-2023 жылғы жөндеу аясында Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданы, Аханов көшесі бойынша ұзындығы 450 метр болатын, бір мезгілде 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағын абаттандыру жүргізілді.

Алматыда 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағы ашылды

6000 шаршы метрден астам аумақта серуендеу жолдары төселіп, орындықтар мен урналар, көше жарығы, пергала орнатылды. Бұқаралық спортты дамыту үшін барлығы бар - футбол, баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған екі үстел, сондай-ақ кеме тәрізді балалар ойын алаңы.

Алматыда 700 адамды қабылдайтын демалыс аймағы ашылды

Құрылысшылар Мемлекеттік туға арналған ту бағанасын да орнатты.

Жаңа демалыс аймағы бірден көгалдандырылды: жұмысшылар қылқан жапырақты ағаштарды отырғызып, 500 шаршы метрден астам жер көгалданды.

Өзгелердің жаңалығы