Алматыда 70 мыңға жуық әйел скринингтен өтті

29 Қаңтар 2021, 19:32
1433
Бөлісу:
Алматыда 70 мыңға жуық әйел скринингтен өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жатыр мойны обырының скринингі аясында диагнозды ерте сатысында анықтаған пациенттер саны артты.  

Бұл туралы Алматы Онкологиялық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы онкологиялық диспансерінің онкогинекология бөлімінің меңгерушісі PhD Райхан Болатбекованың айтуынша, жатыр мойны обырының алдын алуға болады. 

Егер гинекологқа үнемі барып, скринингтен өтіп, ерте мерзімде диагноз қойылса, толық айығуға болады екен.  

Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, жатыр мойнының қатерлі ісіктері Қазақстандағы әйелдер өлімінің себептері арасында жетекші орындардың бірін алады. Скрининг - жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі құралы. Бұл жатыр мойны обырын бастапқы кезеңдерде анықтап қана қоймай, оның дамуына жол бермейді. Өйткені бұл жатыр мойны эпителийіндегі ісікке дейінгі өзгерістерді диагностикалауға мүмкіндік береді. Оны емдеу ісіктің дамуына жол бермейді, - дейді маман.   

Жалпы жатыр мойны обырына толыққанды скрининг жүргізу ауруды 80%-ға төмендетуге және осы аурудан болатын өлімді 70%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан маман барлық әйелге скринингтен үнемі өтуге кеңес береді.   

Өткен жылдың өзінде ғана мегаполисте жатыр мойны обырын скринингпен 73048 әйел қамтылды. Олардың ішінде 2122-де қатерлі ісік анықталды. Жатыр мойны обыры диагнозы қойылған 145 әйел есепке алынды. 

Олардың барлығы ем алып және де дәрігерлердің байқауында болады.

Өзгелердің жаңалығы