Алматыда 63 жастағы ер адамның үйінен қарасора тәркіленді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

 BAQ.KZ архиві 2 Қазан 2026, 22:20
2 Қазан 2026, 22:20
218
Фото: BAQ.KZ архиві

Алматыда «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 63 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде қарасораға ұқсас сегіз түп өсімдік пен шамамен 500 грамм кептірілген өсімдік тәркіленді.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның құрамында каннабиноидтар бар заттарды қолданғаны анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Қазір істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх