Алматыда 61 жастағы тұрғынды басына пакет орап, үйінен ұрлап, өлтіріп кеткен

12 Қазан 2026, 09:37
АВТОР
 видеодан алынған кадр 12 Қазан 2026, 09:37
12 Қазан 2026, 09:37
146
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде белгісіз адамдар әуелі тұрғын үйге кіріп, артынша ер адамның басына пакет орап, үйінен алып шығып бара жатқан видео тараған болатын.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталған.

Қылмыстық іс бойынша, күдікті ретінде төрт адам ұсталған. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - дейді полицейлер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх