Алматыда 500-ге жуық егілген көшетті жұлып алған күдіктілер ұсталды

29 Қараша 2023, 15:17
577
Бөлісу:
Алматыда 500-ге жуық егілген көшетті жұлып алған күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері егілген 460 көшетті қасақана жойып жіберген екі бұзақыны ұстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма көшесінің бойына тұрғындар үшін жас ағаштар отырғызылған болатын.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды. Бұл бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 28 жастағы қала тұрғыны мен Жетісу облысының 30 жастағы тұрғыны. Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың себебі тергеу барысында анықталатын болады, - деді Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі (ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша тергеу жалғасуда. Сондай-ақ полиция, бұзақылар келтірген шығынды өтеу шаралары қолданылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы