Алматыда 5 жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы көк базар маңында болған.  

 скрин Бүгiн 2026, 02:41
Бүгiн 2026, 02:41
234
Фото: скрин
Audi маркалы автокөлік жүргізушісі Зенков көшесінде 5 жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оңтүстік бағытта келе жатқан Audi жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні соғып өткен.

Куәгерлердің сөзінше, жолда Audi 80 автокөлігі бір сәтте өшіп қалған. Жанындағылар жүргізушіге көмектесіп, көлікті итергеннен кейін ол қайта от алған. Алайда жүргізуші көлікті басқара алмай алға ұмтылып, жол жиегінде тұрған адамдарды қаққан. Одан кейін көлік жол жиегінде тұрған Toyota Granvia шағын автобусымен соғысқан. Соққының әсерінен Toyota жанында тұрған Subaru Impreza көлігіне соғылған.

Оқиғадан зардап шеккен 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бұған дейін Алматыда оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, полицейлердің зардап шеккенін жаздық.

Наверх